Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Жапон шеберінің семинары

Семинар японского мастераАтырауда спорттық және дәстүрлі каратенің шебері, жапондық Сенсей Шин Тцкидің ұйымдастыруымен семинар өтті.

Аталған шара Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының және QAISAR спорт клубының ұйымдастыруымен өтті.

Бұл Жапон шеберінің Қазақстанға екінші рет келуі. Үш күн бойы өткен семинарға Атырау қаласынан 50-ден астам спортшы және Жанбай мен Доссордан жас каратешілер қатысып, 30 жылдан астам тәжірбиесі бар ұстаздан шеберлік сағатын алды.

Семинар күніне екі мезгілден өтті. Негізгі бағыт Олимпиада ойындарына енген Каратенің шобу-кумите түрі бойынша өтті. Жапондық шеберлер дәл осы спорт түрінің нағыз шеберлері болып табылады және барлық ережелермен етене таныс. Шобу-кумите Жапония елінен бастау алған. Шеберлер атыраулық спортшылардың техникасына оң бағасын берді.

Ең бірінші каратенің ең алғашқы негіздері туралы айтылды. Бұл енді бастаушы спортшылар үшін өте пайдалы. Тәжірбиелі спортшылар да өздеріне керекті қызық ақпараттарды ала алды. Нұсқаушылар да балаларды тәрбиелеудің қыр-сырын меңгеруді үйренді.

Шин Тцки шебердің келесі семинары 2019 жылдың көктеміне жоспарланған.

Семинар японского мастера

Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.10.2018 02:47

Мақаланың шыққан күні: 11.10.2018