Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атыраулық әлем кубогының иегері Паразиада-2018 ойындарындағы екінші алтынын иеленді

Атыраулық әлем кубогының иегері Паразиада-2018 ойындарындағы екінші алтынын иелендіАтыраулық Ержан Сәлімгереев Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия ойындарындағы екінші алтын медальін еншіледі.

Бүгін, 10 қазан күні Сәлімгереев 50 метрде еркін әдіспен жүзуде үздік атанды. Аса тартысты өткен сайыста қытайлықтан басым түсті. Үшінші болып Мьянма спортшы келді.

Осылайша ол Паразиада-2018 ойындарының екі дүркін чемпионы атанып отыр. Бұдан бұрын 100 метрде еркін әдіспен жүзуде жеңіске жеткен болатын.

«Маған алғашқыда алтын жүлде туралы айтқанда сене алмадым. Мен бұл жеңіс үшін ұзақ дайындалдым. Іштей әлі де сене алар емеспін. Меніңше мұның бәрі түс секілді. Жеңіске жеткеннен соң әлеуметтік желілерде құттықтаулар толастар емес. Барлығына жауап беруге үлгермей жатырмын. Барша Қазақстандықтарға алғысымды білдіремін. Джакартадағы бұл жеңісімді өз еліме арнаймын, - дейді Ержан.

50 метрде еркін әдіспен жүзуде аса сәтті өтті. Тағы бір жерлесіміз Дмитрий Ли қола жүлдегер атанды.

 

Атыраулық әлем кубогының иегері Паразиада-2018 ойындарындағы екінші алтынын иеленді Атыраулық әлем кубогының иегері Паразиада-2018 ойындарындағы екінші алтынын иеленді

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.10.2018 09:04

Мақаланың шыққан күні: 10.10.2018