Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Астанада Astana MMA Open ашық турнирі өтті

Астанада Astana MMA Open ашық турнирі өтті56,7 келі салмақта атыраулық Ақылбек Ғарифуллин мен астаналық Ильяс Мұстафиннің арасында өткен табанды жекпе жекте төрешілердің бөлек шешімімен Ақылбек жеңіске жетті.

61,2 келіге дейінгі салмақта теміртаулық палуан, ММА бойынша әлем чемпионатының қола жүлдегері Дінислам Жетпісов біздің спортшымыз Абылай Көргеновті «шынтақ тетігі» тәсілін қолданып, оны берілуге мәжбүр етті.

65,8 келіге дейінгі салмақта Қазақстан чемпионы атыраулық Олжас Молдағалиев пен қарағандылық Анатолий Золотых арасында өткен ақтық жекпе-жек қысқа болды: Олжас «гильотина» тұншықтыру тәсілін сәтті қолданды.

70,3 кг дейінгі салмақта атыраулық Джахар Шапхатов астаналық Ахат Кеңесбеков пен жезқазғандық Неймат Асадовқа жол беріп, жүлделі үшінші орынды иемденді.

Астана ММА Федерациясының президенті Мұрат Мәуленбеков Қазақстан чемпионаттары мен халықаралық жарыстардың жеңімпаздарынан құралған Атырау құрамасына сайысқа қатысқандары үшін алғыс білдірді:

- Олар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, турнирдің тартысты өтуіне үлес қосты.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.10.2018 03:35

Мақаланың шыққан күні: 05.10.2018