Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

ЕЛ АБЫРОЙЫ ҮШІН ОЙНАЙМЫЗ

ЕЛ АБЫРОЙЫ ҮШІН ОЙНАЙМЫЗ6-13 қазан аралығында Индонезия елінің Джакарта қаласында Паразиада ойындары өтеді. Айтулы дода алдында отырып ойнау волейболынан «Атырау» құрамасы сапында 8 дүркін ел чемпионы, 2 дүркін Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған спортшы, Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Берік Ізмағамбетовтен сұхбат алған болатынбыз.

-Берік, алдағы ойындарда қандай нәтиже күтеміз?

-Үлкен тапсырма қойылды. Ақтық сынға дейін жетуді көздеп отырмыз.

-Азия ойындарындағы ең мықты қарсылас деп қай құрамаларды атай аласың?

-Ең басты қарсыласымыз Азия құрлығының ғана емес, әлемнің номері бірініші командасы Иран құрамасы болып табылады. Олармен ойнау өте қиын. Екінші қарсыласымыз аспан асты мемелекет. Былтырғы жылды санамағанда біз Қытайлықтардан 15 жыл қатарынан жеңіліп келген едік. Үшінші мықты ретінде Ирак құрамасын айтар едім. Оларды біз кейде жеңеміз, кейде жеңілеміз. Соңғы ойында біз жеңген едік. Әрине басқа да құрамаларды ұмытпаған жөн. Корея мен Жапония да мықты қарсыластар болып табылады. Индонезияда оңай ойын болмайды.

-Үздік құрамалармен бір қатарда ойнау үшін не істеу керек?

-Мысал үшін Иранда параспорт өте жақсы дамыған, оның ішінде отырып ойнау волейболы да бар. Олардың ішкі чемпионаттарында әр түрлі дивизион бойынша 120 команда ойнайды. Осыдан үлкен бәсекелестік пен сапа пайда болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша спортпен айналысуға жағдай жасау керек.

-Жастар құрамасы туралы не айта аласың? Өсіп келе жатқан жас толқыннан не күте аламыз?

-Жастар бар. Тек оларды параспортқа тартуымыз керек. Жастарда төзіміділік жоқ. Бірден жалақы алғысы келеді. Өз қызығушылығы үшін, нәтиже үшін дайындалатындар аз.

-Жалақы туралы. Параволейболшылар немен күн көреді?

-Атырауда мүгедектер клубымен келісім шарт бойынша ай сайынғы жалақымызды алып отырамыз. Ал ұлттық құрамада ойнағанымыз үшін ақша алмаймыз. Әзірге бұл сұрақ жауапсыз қалып отыр. Ел абыройы үшін тегін ойнаймыз.

-Берік, параспортқа қалай келгенің туралы айтып өтсең.

-Қарапайым өмір сүрудемін, Атырауда техникалық қауіпсіздік бойынша инженер болып қызмет еттім. 2010 жылы үйлендім, бір ұлым бар. 2011 жылы аяғыма ота жасатуға тура келді. Отбасым, жұбайым және балаларымның арқасында спортпен айналысуға қайта келдім. Атыраудағы отырып ойнау волейболымен айналысатын досым менің жағдайымды көріп, сол уақытта Алматыдағы ұлттық құраманың қатарына қосылуға кеңес берді. Ойын бірден ұнады. Кейін бас бапкер Бауыржан Тахауов мені жаттығу жұмыстарына шақырып алды. Осылайша параспортта жүргеніме 8 жыл болды.

ЕЛ АБЫРОЙЫ ҮШІН ОЙНАЙМЫЗ

Парақтағы соңғы өзгерістер: 02.10.2018 01:39

Мақаланың шыққан күні: 02.10.2018