Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Факторлы баллды шкала негізінде мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу туралы

О внедрении новый системы оплаты труда государственных служащих на основании факторно-бальной шкалы2018 жылғы 25 қыркүйегінде Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменті өкілінің қатысуымен жиналыс ұйымдастырылған болатын.

Жиналыс тақырыбы факторлы баллды шкала негізінде мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін талқылау.

Аталған жүйені жүзеге асыру Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 5-ші және 6-шы қадамдарын жүзеге асыру шеңберінде енгізілуде. Яғни қызметкерлердің жауапкершілігі, дербестігі, тәжірибесі, арнайы білімі мен байланыс деңгейлері, жұмысының қиындығы, қабылдаған шешімдерінің салдары секілді 8 фактор ескеріліп, еңбекақы тағайындау көзделуде.

Бұған қоса, тапқан пайдасына бонустар қосылуы әбден ықтимал. Сондықтан қарапайым қызметкер өзінің басшысынан артық ақша табуы да ғажап емес. Ал жұмыс тиімділігінің төмен екенін көрсеткен азаматтардың бірінші қызметі төмендетіледі. Одан да нәтиже шығармаса, мемлекеттік орган оны жұмыстан босатуға құқылы. Жалпы алда мемлекеттік мекемеде жұмыс істеу бұдан да жауапты әрі абыройлы болмақ.

Бұл АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Канада, Жаңа Зеландия, Малайзия және Сингапур сияқты дамыған мемлекеттерде бұрыннан қолданылып келеді. Мәселен жаңа жүйе бойынша бір санаттағы қызметшіге істеген жұмысының сапасына, біліктілігіне қарай әр түрлі жалақы төленуі және сыйақы берілуі мүмкін. Аталған шкалада лауазым иерархиясын ғана емес, нақты бір қызметшіге жүктеліп отырған міндеттердің маңыздылығы, жұмыстың жауапкершілігі мен нақты көлемі ескерілетін болады.

Бүгінгі күнге аталған жүйе пилоттық нысанда Астана қаласында, Маңғыстау облысының әкімдігі, ҚР Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде енгізілген.

Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу нәтижесінде конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер санының артуы мен ауысушылық деңгейінің төмендеуі күтілуде.

О внедрении новый системы оплаты труда государственных служащих на основании факторно-бальной шкалы О внедрении новый системы оплаты труда государственных служащих на основании факторно-бальной шкалы

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.09.2018 07:30

Мақаланың шыққан күні: 26.09.2018