Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысының білім беру ұйымына жеке адамның есімін беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс XXIIІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына «Атырау аграрлы – техникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Оңайбай Көшековтың есімін беру жөніндегі ұсыныс енгізілсін.

2. Осы біріккен қаулы мен шешім оларға қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Облыс әкімі Н.Ноғаев 

Сессия төрағасы,

мәслихат хатшысы Ө.Зинуллин


Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.09.2018 08:42

Мақаланың шыққан күні: 25.06.2018