Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Атырауда Каспий маңы мемлекеттері студенттерінің спорттық ойындары өтеді

Универсиаданың салтанатты ашылуы 24 қыркүйекте Атырау мемлекеттік университетінің «Жайық» спорт кешенінде өтеді.

Аталмыш шараны Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырады. 30 қыркүйекке дейін жалғасатын жарысқа 5 мемлекеттің 700 спортшысы қатысады. Универсиада 10 спорт түрінен жеңімпаздарды анықтайды. Студенттер баскетбол, жүзу, жеңіл атлетика, бокс, каратэ-до және т.б. университеттердің басқа өкілдерімен бәсекелесуге ниетті. Барлығы 400 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

«Қазақстан, Ресей, Иран және басқа елдердің жоғары оқу орындарының студенттері арасында осындай ірі спорт жарыстарын өткізу бүкіл Атырау облысы үшін үлкен мәртебе. Университетке 170-тен астам спортшы қатысады. Біз олардың жеңісіне сенеміз және оларға сәттілік тілейміз», - деді Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің баспасөз хатшысы Сағынбек Аронов.

Айта кетейік, универсиада 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. Ал алғашқы ойындар Астрахань қаласында өткен. Әртүрлі елдердің спортшыларымен кездесу Каспий маңы мемлекеттері арасындағы байланыстарды нығайтуға, аралық достықты дамыту және спортқа деген қызығушылықты арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

 


Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.09.2018 06:31

Мақаланың шыққан күні: 19.09.2018