Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырауда қала күніне орай жаппай велошеру өтеді

В Атырау ко Дню города состоится велопробегШараға ниет білдіруші барлық адам қатыса алады,-деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырауда 6 қазан - қала күніне орай ашық велошеру өтеді. Бұл ауқымды спорттық шараны қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі, сондай-ақ, демеуші компаниялар ұйымдастырып отыр.

«Шараға кез-келген атыраулық өзінің велосипедімен қатыса алады. Жеңімпаздар бес номинация бойынша іріктеліп, демеушілер атынан арнайы сыйлықтар табысталады»,-дейді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ринат Ибрагимов.

Велошеру қатысушыларын жинау және тіркеу сағат 8:30-дан 10:00-ге дейін М.Өтемісов атындағы облыстық драма театрының алдында өтеді. Ал, басталуы 10:00-ге жоспарланып, қатысушылар Сұлтан Бейбарыс алаңында шараны аяқтайды.

Айта кетейік, биылғы жылдың сәуір айында өткен "Bike Ride Atyrau - 2018" бірінші қайырымдылық велошеруіне 2 мыңнан астам велосипедші қатысқан еді. Шара Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылып, облыс тарихындағы ең ауқымды оқиғалардың біріне айналған болатын.

В Атырау ко Дню города состоится велопробег


Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.09.2018 06:36

Мақаланың шыққан күні: 18.09.2018