Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Атыраулық Абылайхан Бітімов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін сәтті бастады

Первый профессиональный боксер из Атырау Абылайхан Битимов успешно провел бой по жекпе-жек18 жасар боксшы алғашқы кездесуін нокаутпен аяқтады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

15 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында үлкен кәсіпқой бокс кеші өтті. Атырау облысы жастар құрамасының мүшесі Абылайхан Бітімов өзінің кәсіпқойлар арасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Бірінші орта салмақта өнер көрсеткен Абылайxан ресейлік Жаxонгир Журамурадовты бірінші раундта нокаутпен жеңді.

- Абылайхан бұл жекпе-жекке өте жақсы дайындықпен келді. Шаршы алаңда өзіне сенімді болды. Қанат Ислам, Жанат Жақиянов секілді мамандар оң бағасын беріп, болашағынан үміт күттіретін боксшы екенін айтып өтті. Алдағы уақытта 2-3 кездесу өткізу жоспарда бар. Кейін, демеушілер табылып жатса Абылайханды АҚШ-қа жібергім келеді,- дейді бапкері Айдос Дәулетов.

Айта кету керек, Абылайхан – кәсіпқой бокста бағын сынаған мұнайлы астанадағы алғашқы боксшы.

Первый профессиональный боксер из Атырау Абылайхан Битимов успешно провел бой по жекпе-жек Первый профессиональный боксер из Атырау Абылайхан Битимов успешно провел бой по жекпе-жек

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.09.2018 08:51

Мақаланың шыққан күні: 17.09.2018