Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.05.2020

Қызметтер

Атырау жастар құрамасы қазақ күресінен алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Атырау жастар құрамасы қазақ күресінен алғашқы жеңісіне қол жеткіздіСпорттық бәсеке "Ұлы дала рухы" фестивалі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кеше, 12 қыркүйекте Астана қаласында ұлттық спорт түрлерінен "Ұлы дала рухы" фестивалі жалауын көтерді.  700-ге жуық спортшының басын қосқан ойындардың жалпы жүлде қоры 27 миллион теңгені құрайды.

Жарыстың алғашқы күні атыраулық балуандар командалық  додада бақ сынады. Батыс аймақтық іріктеу жарысынан үздік шыққан құрамамыз елорда төріндегі сайыста күміс жүлдеге ие болды.

Жартылай финалда Атырау құрамасы жарыс қожайындарын тізе бүктірді. Ақтық мәреде  Түркістан облысының құрамасына есе жіберіп, екінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, қазақ күресінен ақтық  сынға Түркістан, Атырау, Астана және Шығыс Қазақстан балуандары жолдама  алған болатын.
Фестиваль 15 қыркүйекке дейін жалғасады.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.09.2018 02:43

Мақаланың шыққан күні: 14.09.2018