Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.05.2020

Қызметтер

Мақсат Токиоға

С прицелом на ТокиоӨткен аптада Атырауда отырып ойнау волейболынан ел чемпионаты өтті. Біз күткендей сегізінші рет жарыс жеңімпазы болып жерлестеріміз танылды.

Атыраулық волейболшылардың басымдылығы еш күмәнсіз болды. Себебі барлық тур қорытындысы бойынша қарсылас командаларға тек бір кезеңде ғана ұпай бердік. «Бүгінгі күні Қазақстан бойынша бізбен бәсекелес болатын команда жоқ», - дейді құрама бас бапкері Бауыржан Тахауов. Бұл сөзімде фактілерге сүйене отырып айтылған. Бұл бір жағынан жақсы. Екінші жағынан ұлттық құрама атыраулықтардан құралған соң жаңа команда мен жаңа есімдердің шықпағаны тағы бар.

Әдеттегідей атыраулықтардың ақтық сындағы қарсыласы Қызылордалық волейболшылар атанды. Ойынның басынан жарыс қожайындары кімнің мықты екенін таныта алды. 25:11 – есебімен бірінші кезең аяқталды. Екінші кезеңде қызылордалықтар сәл бәсекелестік таныта алды. Дегенмен 25:21 есебімен ұтылып қалды. Қалған кезеңдер тартысқа толы өтіп, Атыраулықтардың пайдасына шешілді.

Ел біріншілігі аяқталысымен спортшыларымыз Алматы қаласына оқу-жаттығу жиындарына аттапын кетті. Алда жылдың ең маңызды додасы Паразиада ойындары өтеді. Ұлттық құрама түгел дерлік атыраулық волейболшылардан құралған, тек үш спортшы Қызылордадан.

-Азиадада ақтық сынға жетуді мақсат қойып отырмыз, - дейді Бауыржан Тахауов. – қазір параволейболда Иран құрамасы үстемділік құрып тұр. Олармен бәсекеге түсу қиындау. Дегенмен Азия құрлығында басқа командаларды ұтуға шамамыз жетеді. Егер де ақтық сынға жетіп жатсақ 2020 жылы Токио елінде өтетін Параолимпиада ойындарына жолдама аламыз.

С прицелом на Токио


Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.09.2018 07:19

Мақаланың шыққан күні: 13.09.2018