Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Геолог ауылындағы 4 БЖСМ –де «Әкем, анам, және мен – спорттық жанұя» атты отбасылар сайысы өтті

Геолог ауылындағы 4 БЖСМ –де «Әкем, анам, және мен – спорттық жанұя» атты отбасылар сайысы өттіСайысқа қатысқан алты отбасыны қолдауға көптеген жанкүйерлер келген. Жақсы жанкүйер отбасы мүшелеріне қосымша кұш беріп, шабыттандыра түсетіні анық.

Лаевтар, Абуғалиевтар, Құттыбаевтар, Әжіғалиевтар, Құтмағамбетовтер және Алпысовтар көңілді ойындарды спорттың көптеген эстафеталық түрлерінде сынға түсті. Олар допты дәл тигізу, қапшықтар арқылы жүгіру, кедергілер арқылы жүріп өту секілді жаттығуларды орындады.

-Әр құрама өзінше ерекше, - дейді жарыс ұйымдастырушысы, 4 БЖСМ директоры Рүстем Қисметов. – Біз спорт кешеніне жақын маңдағы ауыл тұрғындарын сайысқа арнайы шақырттық. Қатысуға ниет білдірушілер саны өте көп болды. Себебі қаланың күйбен тіршілігі мен үй шаруасынан демалып, тынығудың бірден-бір жолы осы отбасылық ойындар.

Жарыс қорытындысы бойынша Лаевтар отбасы бірінші орын иеленді. Абуғалиевтар екінші, ал Құттыбаевтар үшінші орыннан көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер құнды сыйлықтарға ие болды.

Геолог ауылындағы 4 БЖСМ –де «Әкем, анам, және мен – спорттық жанұя» атты отбасылар сайысы өтті Геолог ауылындағы 4 БЖСМ –де «Әкем, анам, және мен – спорттық жанұя» атты отбасылар сайысы өтті Геолог ауылындағы 4 БЖСМ –де «Әкем, анам, және мен – спорттық жанұя» атты отбасылар сайысы өтті Геолог ауылындағы 4 БЖСМ –де «Әкем, анам, және мен – спорттық жанұя» атты отбасылар сайысы өтті Геолог ауылындағы 4 БЖСМ –де «Әкем, анам, және мен – спорттық жанұя» атты отбасылар сайысы өтті Геолог ауылындағы 4 БЖСМ –де «Әкем, анам, және мен – спорттық жанұя» атты отбасылар сайысы өтті

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.09.2018 05:48

Мақаланың шыққан күні: 12.09.2018