Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

Атыраулық балуан Дәулет Теміржан Әлем кубогінің қола жүлдегері атанды

Атырауский спортсмен Даулет Темиржан стал бронзовым призером Кубка мираЕлімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған парадзюдодан Әлем кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
   Екі күн бойы 20 елдің 200-ге жуық балуаны өзара мықтыны анықтаған болатын. Байрақты бәсекеге сарапшылар өте жоғары деген баға берді. Олар мұнайлы өлкеде алдағы уақытта да үлкен жарыстарды өткізуге ниетті екендерін жеткізді.
   Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш қола медальға ие болды. Оның біреуін атыраулық балуан Дәулет Теміржан еншіледі. 73 келіде белдескен балуанымыз іріктеу кезеңдерінде Ресей мен Француз қарсыластарын қапы қалдырды. Жартылай финалда украиналық тәжірбиелі қарсыласына есе жіберіп алды. Қола жүлде үшін таласта италиялық балуанды ұтты.
   -Әлем кубогін абыроймен өткіздік. Мақсатымыз – параспортты дамытып, жастарға спортпен айналысуға барынша жағдай жасап, қол ұшын беру. Атыраулық балуандардың нәтижесіне ризамын. Алда келе жатқан Паразиада ойындарында жеңіске жетеміз деген ниеттемін. Алдағы уақытта құрлық додасына дайындалатын боламыз, - дейді Атырау облыстық парадзюдо федерациясының президенті Асылбек Өмірзақов

Атырауский спортсмен Даулет Темиржан стал бронзовым призером Кубка мира Атырауский спортсмен Даулет Темиржан стал бронзовым призером Кубка мира Атырауский спортсмен Даулет Темиржан стал бронзовым призером Кубка мира Атырауский спортсмен Даулет Темиржан стал бронзовым призером Кубка мира Атырауский спортсмен Даулет Темиржан стал бронзовым призером Кубка мира Атырауский спортсмен Даулет Темиржан стал бронзовым призером Кубка мира Атырауский спортсмен Даулет Темиржан стал бронзовым призером Кубка мира

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.09.2018 02:38

Мақаланың шыққан күні: 12.09.2018