Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
05.06.2020

Қызметтер

Атырауда таэквондодан ересектер арасында Азия құрлығындағы алғашқы чемпионат өтеді

Впервые в Атырау состоится чемпионат по таэквондо среди взрослых всего Азиатского континетаТурнирге 400-ге жуық спортшы қатысуға өтініш білдірген, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

7-9 қыркүйек күндері Атырау қаласында таэквондодан Азия құрлығындағы тұңғыш таэквондодан І Ашық Азия чемпионаты өтеді. Ересектер арасындағы турнирге 15 мемлекеттен 400-ге жуық спортшы қатысады. Үш күндік додада Азия құрлығының үздіктері анықталатын болады. Жарыс 7 қыркүйек күні 9:00-де Мұз сарайында басталады.

Сонымен қатар, Азия чемпионатының ізін суытпай,  Атырау қаласында 9-11 қыркүйек күндері «KAZAKHSTAN OPEN – 2018» халықаралық турнирі өтеді.

Айта кету керек, өткен жылы Атырауда тұңғыш рет таэквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты ұйымдастырылды. Оған 26 мемлекеттен 500-ге жуық спортшы қатысты. Өткен чемпионаттың жоғары дәрежеде өтуіне орай Атырау облысы кезекті Азия чемпионатын өткізуге лицензия алған болатын.

Впервые в Атырау состоится чемпионат по таэквондо среди взрослых всего Азиатского континета


Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.09.2018 06:30

Мақаланың шыққан күні: 05.09.2018