Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атыраулықтар Көшпенділер ойындарының жүлдегерлері атанды

Атырауские спортсмены  заняли призовые места на Всемирных играх кочевников

Жерлестеріміз 35 елдің балуандары өзара сынға түскен додада топ жарды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

2 қыркүйектен бастап Қырғызстанның Ыстық көл аймағында ІІІ Бүкіләлемдік Көшпенділер ойындары өтуде. Күллі әлем көз тіккен бұл шараға шараға биыл 80-нен аса мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы қатысуда. Үшінші рет ұйымдастырылып жатқан дода – қырғыз жерінде қолға алынған ең ауқымды спорттық шаралардың бірі.

Кешегі жарыс күнінде қырғыздың "Алыш" күресі бойынша жерлесіміз Ақжол Қайыпхан 55 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегер атанды. Ақжол соңғы рет дзюдодан жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарған болатын. Жалпы, бұл күрес түрі бойынша 35 елдің балуандары өзара сынға түскен.
                      
Бүгін,  кезекті жарыс күнінде Түркімен күресі бойынша атыраулық балуан Амандық Абылай да қола жүлдегер атанды. Жерлесіміз абсолютті салмақ дәрежесінде күресті.
Көшпенділер ойындары қыркүйек айының 8 жұлдызына дейін жалғасады болады.

Атырауские спортсмены  заняли призовые места на Всемирных играх кочевников Атырауские спортсмены  заняли призовые места на Всемирных играх кочевников Атырауские спортсмены  заняли призовые места на Всемирных играх кочевников

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.09.2018 05:26

Мақаланың шыққан күні: 05.09.2018