Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Қозғалыстағы өмір

В движении - жизньТамызда Атырау паралимпиадашылары Өскемен, Ақтөбе және Алматыда өткен түрлі жарыстардан олжалы оралды.

Өскеменде жеңіл атлетикадан ҚР чемпионаты өтті. Жаттықтырушы Нұрберген ӘМІРЖАНОВ:

- Команда сәтті өнер көрсетті. Атыраудан барған барлық спортшылар ерекшеленді. Нұрлыбек Исатаев пен Ерлан Есекеновтың қоржыны ядро лақтыру, найза және диск лақтыру бойынша үш алтын медальмен толықты. Нұрхан Бергенбай да медальдардың толық жинағын мойынға ілді. Команданың қалған мүшелері Биғайша Махаева, Оқас Мейрамбек, Жанболат Қазиев, Нұрлан Домбаев (паратаеквондодан қазіргі әлем чемпионы), Нұрлыбек Қабдырахманов, Нұргүл Мақсотовалар да қола медальға қол жеткізді.

Алматыда өткен мүгедектер арасындағы пауэрлифтингтен ҚР чемпионатында атыраулық атлет Ілияс Телеуғалиев 80 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды.

Ал Ақтөбеде есту бойынша мүгедектер арасында ҚР спартакиадасы өтіп, атыраулықтар 1 күміс, 6 қола медальды олжалады. «Күмісті» грек-рим күресінде Анарбек Марксов иеленсе, еркін күрес бойынша қола медальды Павел Безматерных жеңіп алды. Әлібек Құсайнов күрестің екі стилінде қос қоланы қанжығалады. Жүзгіштер арасында 2 қола медаль Анатолий Климовтың есебіне жазылса, тағы бір қоланы облыс құрамасына армрестлер Нұрсұлтан Әбенов сыйлады.

В движении - жизнь В движении - жизнь В движении - жизнь В движении - жизнь

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.09.2018 06:44

Мақаланың шыққан күні: 04.09.2018