Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Ішкі конкурс: санаттары Е-R-1, Е-3, 2 бірлік

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі «Б» корпусындағы бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты, индексі-060400, мекен-жайы - Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, анықтама үшін телефоны: 8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22, e-mail: k_kadr_bolimi@mail.ru

 

1. Құрманғазы аудандық сәулет және қалақұрылыс бөлімінің басшысы, Е-R-1 санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 142412 теңгеден 192382 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Сәулет қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы, телекоммуникация, «Атырау-Жарық», «КазТрансАймақ» акционерлік қоғамының аудандық бөлімшесі, өртке қарсы мекемесі, мемлекеттік жол полициясы, аудандық ауылшаруашылығы, жер қатынастары, құрылыс бөлімдерімен және аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасымен қарым-қатынаста жұмыс жасау, облыс, аудан әкімінің, аудан әкімінің орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыру.

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау.

Бөлімге қатысты жұмыстары бойынша аудан әкіміне, аудан әкімі жанындағы аппарат мәжілістеріне, аудан әкімдігіне, мәслихат мәжілісіне мәслелер ұсыну.

Бөлімнің қаржы, банк құжаттары есебін және бюджеттен бөлінген қаржыларды уақытылы ерекшеліктер бойынша нормативтік талаптарға сай жүргізілуін қадағалау.

Бөлім басшысының бұйрығымен тағайындайтын қызметшілерді тағайындау, босату, еңбек демалысын беру бұйрықтарын заңнамалар талаптарына сәйкес қабылдау. Олардың қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақталуын. Жеке істері мен еңбек кітапшаларының заңнамалар талаптарына сай толтырылуын және олардың сақталуын қадағалайды, қамтамасыз етеді.

Өзі басшылық жасайтын бөлімдегі комиссиялардың жұмысын ұйлестіру, қадағалау, басшылық жасау. Осы салалар бойынша жергілікті әкімдердің жұмыстарын үйлестіру, басшылық жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: мемлекеттік және жергілікті басқару; әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес; сәулет; техникалық ғылымдар және технологиялар; құқық.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес.

2. Құрманғазы аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы (уақытша негізгі қызметкер бала күтімінде болуына байланысты-3.10.2018ж. дейін), Е-3 санаты

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімнің жұмысына жалпы басшылық жасайды. Аппарат және әкімдік мәжілістеріне бөлімге қарасты жұмыстар бойынша мәселелер ұсынып, дайындау. Аудан әкімінің, аппарат басшысының қызметін және олардың қатысуымен өткізілетін әртүрлі іс-шаралардың ақпараттық-талдау және ұйымдастыру жағынан қамтамасыз ету жұмыстары.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімнің тиімді жұмысын, аппараттың құрылымдық бөлімшелерімен жедел өзара іс қимылын қамтамасыз етеді және қызметкерлердің аудан әкімі мен әкімдігінің кесімдерін, хат хабарды тіркеу, азаматтарды қабылдау, құжаттарды бақылау, азаматтардың жазбаша және ауызша түрдегі арыз-шағымдарының уақытылы қаралуын, орындаушыларға жеткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, арыз-шағымдардағы мәселелерді шешу аудан әкімдігінің құзына жатпаған жағдайда уақытылы уәкілетті органдарға жолдайды.

«Электронды үкімет» бағдарламасына байланысты аудан әкімі аппаратының жұмысын үйлестіреді. Аппарат басшысының бұйрығымен тағайындайтын қызметшілерді тағайындау, босату, еңбек демалысын беру бұйрықтарының жобаларын аппарат басшысына бекіту үшін ұсынады. Олардың қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақталуын және, жеке істері мен еңбек кітапшаларының заңнамалар талаптарына сай толтырылуын және олардың сақталуын қадағалайды, қамтамасыз етеді.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөледі, қызметкерлерінің функционалдық және лауазымдық нұсқауларын дайындап, бекітуге ұсынады, тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді. Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауап береді.

Аудан бойынша ашық деректер порталымен жұмыс жасалатын жұмыстарын ұйымдастыру, қадағалау, басшылық жасау. Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында құпия емес іс жүргізудің істер номенклатурасын бекіту жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және іс жүргізу жөніндегі нұсқаулық талаптарының сақталуын бақылайды.

Аппарат қызметкерлерінің еңбекке қатыс табелін жүргізеді. Аудан әкімі аппаратының материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешеді. Өзі басшылық жасайтын бөлімдегі комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру, қадағалау, басшылық жасау.

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің атқаратын жұмыстары жөнінде дербес бөлімдермен жергілікті әкімдердің жұмыстарына басшылық жасап, үйлестіру жұмыстарын жүргізу. Аудан әкімінің қабылдауын ұйымдастырады. Аудан әкімінің және аппарат басшысының басқа да тапсырмаларын атқарады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық; әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес; ауылшаруашылық ғылымдар; білім; техникалық ғылымдар және технологиялар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) B-6, C-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жарым жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

Осы хабарландырудың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметімен қызметтік тізім.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды « Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» ММ-не құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрінде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «E-gov» электрондық Үкімет порталы немесе «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйе арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін 2 (екі)сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесу өткізудің мерзімі мен орны:

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.";

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның(бұдан әрі-уәкелетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процессінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.07.2018 08:27

Мақаланың шыққан күні: 13.07.2018