Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысының ауылдық жерiне жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi туралы

Жоба

 

Атырау облысының ауылдық жерiне

жұмысқа жiберiлген медицина және

фармацевтика қызметкерлерiн

әлеуметтiк қолдау шараларының

жүйесi туралы

 

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, VІ шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс ХХІV сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының мынадай жүйесi айқындалсын:

1) ауылдық жерге жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерiне (бұдан әрі – қызметкерлер) 400 АЕК көлемінде әлеуметтік қолдау белгіленсін;

2) қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) ауылдық жерге кемінде бес жыл мерзімге жіберілетін қызметкерлерге жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын, әлеуметтік кепілдік ретіндегі бір жолғы қолдау болып табылады деп белгіленсін.

2. Ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне әлеуметтiк қолдау көрсетудiң тәртiбi осы шешiмiнiң қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымына (Ә.Беккужиева) жүктелсін.

4. Осы шешiм Атырау облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы С.Қуанышев

Облыстық мәслихат хатшысы Ө.Зинуллин


Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.11.2019 09:00

Мақаланың шыққан күні: 11.07.2018