Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысының мәдениет ұйымына жеке адамның есімін беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XXIIІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Республикалық ономастика комиссиясының қарауына Атырау облысы Исатай ауданы Тұщықұдық ауылындағы «Тұщықұдық селолық Мәдениет үйі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнына Нариман Үлкенбайұлының есімін беру жөніндегі ұсыныс енгізілсін.

2. Осы біріккен қаулы мен шешім оларға қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Облыс әкімі Н.Ноғаев

Сессия төрағасы

Е.Юсупов

Мәслихат хатшысы

Ө.Зинуллин


Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.06.2018 09:03

Мақаланың шыққан күні: 25.06.2018