Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.06.2020

Қызметтер

Атырау облысының кейбір білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6, 27-баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 11-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және VI шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті XXII сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Республикалық ономастика комиссиясының қарауына келесі Атырау облысының білім беру ұйымдарына жеке адамдардың есімдерін беру жөніндегі ұсыныс енгізілсін:

1) Исатай ауданының Тұщықұдық ауылындағы «Жалпы білім беретін Чапаев бастауыш мектебі» мемлекеттік мекемесіне Жамбыл есімін;

2) Махамбет ауданының «Махамбет аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Чкалов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ахмет Байтұрсынұлы есімін;

3) Индер ауданының «Индер аудандық білім бөлімінің Гребенщик орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әбіш Кекілбайұлы есімін беру.

2. Осы біріккен қаулы мен шешім оларға қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі Н.Ноғаев

Сессия төрағасы Е.Юсупов

Мәслихат хатшысы

Ө.Зинуллин


Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.06.2018 09:00

Мақаланың шыққан күні: 25.06.2018