Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

Ішкі конкурс: санаттары E-R–3, E-G-3, 3 бірлік

Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды. Құрманғазы ауданы әкімінің аппараты, индексі-060400, мекен-жайы - Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, С.Көшекбаев көшесі 25 үй, анықтама үшін телефоны: 8(71233)2-15-36, 8(71233)2-14-22, e-mail: k_kadr_bolimi@mail.ru

 

1. «Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «экономика және коммуналдық» секторының меңгерушісі, Е-R-3 санаты Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 96607 теңгеден 129920 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Кешенді және мақсатты, Аумақтық даму бағдарламасын, басқа аймақтық бағдарламаларды әзірлеу, бақылау және іске асыру жөніндегі жұмыстарын үйлестіруге; Экономика салаларына жаңалық енгізу, импортты алмастыру, инвестициялық бағдарламаларды енгізуді әзірлеу және іс-қимылды үйлестіруге; Аймақтық және республикалық бағдарламаларды орындау жөнінде ұсыныстар жасау, талдау жұмыстарын ұйымдастыруға; Экономика салаларының дамуына талдау және болжау жасау жұмыстарын ұйымдастыруға; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мерзімінде жауап берілуін қамтамасыз етуге; Бөлімге қатысты жұмыстар бойынша аудан әкіміне, аудан әкімі жанындағы аппарат мәжілістеріне, аудан әкімдігіне, мәслихат сессиясына мәселелер ұсынуға; Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына рейтингілеуге байланысты талдаулар жасайды, қорытындылау жүргізуге; «Дипломмен ауылға», «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша жұмыстарға басшылық жасауға; Коммуналдық меншік объектілерін (мүліктерін) сенімгерлікпен басқаруға табыстау туралы Ереже талаптарын сақтай отырып сенімгерлікпен басқаруға және коммуналдық меншік объектілерін мемлекеттік заңды тұлғаларға уақытша өтеусіз пайдалануға беру және мақсатқа сай пайдалануын қадағалауға, құжаттарын заңдылыққа сай рәсімдеуге; Жалға берілген объектілердің сақталуына, мақсатына қарай пайдаланылуына, коммуналдық меншік объектілерін жалға алушылардың жалдау ақыларын аудандық бюджетке және жергілікті өзін-өзі басқару шоттарына уақытында, шарттағы мөлшерде, толық аударуларын қадағалауға; мекеменің әскери есепке, азаматтық қорғаныс, техникалық қауіпсіздік мәселелеріне жауапты тұлға болып табылады; Аудан бойынша коммуналдық меншіктегі мүліктердің есебінің толық болуын қамтамасыз етуге; Облыстық қаржы басқармасына берілетін айлық, тоқсандық және жылдық есептердің, жоғарғы органдарға берілетін ағымдағы ақпараттық мәліметтердің, арыз шағымдар бойынша жазба жауап хаттардың уақытында, толық беруге; Ауданның коммуналдық меншік мәселелері жөнінде жұмыстарды үйлестіреді, басшылық жасайды және қорғау жөнінде шараларды алуға; белгілі себептерге байланысты бөлім басшысының орынбасары жұмыс орнында болмаған жағдайда (еңбек демалысы, сырқаттануға байланысты жұмыста болмау, іс-сапар немесе басқа да себептер) бөлім басшысының орынбасарының міндетін атқаруға; Өзіне тапсырылған міндеттерді мерзімінде, әрі біліктілікпен орындауды қамтамасыз етудің шараларын алуға міндетті.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

 

2.Дыңғызыл ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері

Округ әкімінің нормативтік құқықтық актілері жобасы мен нормативтік құжаттарын номенклатураға сәйкес мемлекеттік тілде дайындайды және олардың орындалуын ұйымдастырады; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасайды, олардың заңдылыққа сәйкес тіркелуіне, мерзімінде жауаптарының берілуіне жауап береді; Округтегі мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды реттейді, «Туберкулезге қарсы күрес» комиссиясының жұмысына басшылық жасайды; Кіріс, шығыс құжаттарын ЛОТОС-қа тіркейді; Округ көлемінде спорт, білім, мәдениет, денсаулық сақтау ұйымдарымен бірігіп жұмыс ұйымдастырады, мәлімет алады. Жастар саясатын іске асыруға басшылық жасап, жастар ұйымының жұмысын қадағалап, бірлескен шаралар ұйымдастыруды жүзеге асырады. Аппарат мәжілісін өткізуді ұйымдастырады,хаттамаларын жасайды; Тұрғындардың үй құжаттарын, жер актілерін алуларына көмек жасайды. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілдерін анықтайтын комиссияға басшылық жасайды, мемлекеттік қызметшілерді еңбек өтілдерімен таныстырады. «Е-қызмет» және ИПГО жүйелерімен жұмыс жасау.

Округ әкімінің тағайындайтын мемлекеттік қызметші емес қызметкерлердің еңбек шарттарын жасақтау, жұмыстарын ұйымдастыру және еңбек кітапшасының сақталуын қамтамасыз ету; тұрғындарға берілетін әр түрлі анықтамалардың берілуіне жауап береді. Округ әкімінің берген басқа да қосымша тапсырмаларын орындайды, округ әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: білім; гуманитарлық ғылымдар; табиғи ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар,экономика және бизнес; техникалық ғылымдар және технологиялар; ауылшаруашылық ғылымдар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Нұржау ауылдық округ әкімінің аппаратының бас маманы, E-G-3 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94109 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері.

Ардагерлер Кеңесі, әйелдер Кеңесі, халық жасақшылары,қоғамдық ұйымдар және саяси партиялар жұмысын үйлестіру. «Гауһар» бала бақшасы, мәдениет үйі, дәрігерлік пункт, кітапхана, байланыс бөлімшесі, телекоммуникация бөлімі жұмыстарын бақылау, ай сайын мәлімет алу, зерттеу жасау. Ардагерлер мен ауыл тұрғындарының,мекемелердің газет-журналға жазылуын қамтамасыз ету,жеткізілуін бақылау. Нұржау және Панфилов жалпы орта мектептерімен жұмыс. Ауылдағы «қиын отбасылары» мен «қиын оқушы балалардың», «қиын жастармен» тәрбие жұмысын жүргізу. Құқықтық тәртіп және тәрбие жұмысын жүргізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Мерекелік шараларды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің орындалуын бақылау. Ауылдағы көрнекі-үгіт мәселесін ұйымдастыру. Округ әкімі аппараты мәжілісінің хаттамасын жүргізу. Тілдерді қолдану мен дамыту, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, ҚР мемлекеттік рәміздер, нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күрес, жасы кәмелетке толмағандар ісі жөнінде, діни аһуал, діни экстремизмге тосқауыл қою, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өкпе ауруына қарсы күрес бағдарламалары, іс-шара жоспарлары бойынша жұмыстарды жүйелі жүргізу.

Ішкі конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі: білім; гуманитарлық ғылымдар; табиғи ғылымдар; құқық; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; техникалық ғылымдар және технологиялар; ауылшаруашылық ғылымдар.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Құрманғазы аудан әкімі аппаратында өтеді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссе жазады. Эссе қағидалардың 4 қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес комиссиямен бағаланады. Эссе жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.06.2018 07:38

Мақаланың шыққан күні: 08.06.2018